ЖАЗУДЫ ОСЫ ГАЗЕТТЕН БАСТАҒАНМЫН

427
«Ордабасы оттары» дегенде бұл газетке менің де бүйрегім бұрып тұрады. Мектеп оқушысы кезімде ауылдағы мақташылар еңбегі туралы және өзге де тақырыптарда жазған шағын мақала хабарларым осы газетке жарияланып тұрды. Мына бір оқиға есімнен кетпейді.
Ол кезде біздің Шұбар ауылы «Бадам» мақта совхозының «Октябрь» бөлімшесі деп аталатын. Ерте көктемнен мақтаның жиын, терімі біткенше ауылдағы мақташылардың еңбегі туралы үзбей газетке, «Коммунизм таңына» мақалалар жазып жүрдім. Ол кезде мектеп оқушысымын.
Терім науқаны аяқталған соң бір күні ауы­лымы­здың мақта бри­гадирі Қа­рын­бай Өте­баев көкеме келіп: «Кө­ке, біздің бри­гаданың жос­­пар­ды орын­­дауы­на мына сіз­дің ба­ла­ңыз Уә­ли­хан да үлкен үлес қосты»- деді.
Әмір әкем жа­рық­тық бәрін біліп отыр.»Мына аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Рашид Нұғманов жолдастың «Алғыс хаты» мен 10 сом ақшалай сыйлығын әкеліп тұрмын»- деді. Менің төбем көкке бір елі жетпей тұрды. Әкем жарықтық қатты қуанды. Анам мені құшақтап, бетімнен сүйіп, бауырына басқан еді.
Оған дейін ауылда «Тілші бала» атанып жүргенмін. Содан Шымкенттегі ҚазХТИ-ға /қазіргі М.Әуезов атындағы ОҚМУ/әскерден соң дайындық тобына түсіп, кейіннен студент атанып, оны бітірген соң Павлодар трактор зауытында жұмыс істедім. Мұнан соң Павлодардағы облыстық «Қызыл Ту» газетінің штаттан тыс тілшісі болдым.
Мұнда маған осы басылымда университеттен соң жұмыс істеп жүрген танымал журналистер Ғалым Омар­хановтың, қазір Сенатор Нұртөре Жүсіптің, марқұм Мұхтар Науша­баевтың, жер­гілік­ті телерадиожурналист Ақмарал Сағым­бе­ковалардың қолдауымен Әл-Фараби атындағы Қа­зақ мемлекеттік ұлттық универ­ситетінің жур­налистика факультетіне оқуға түсіп, оны ойда­ғы­дай бітірдім.
Соңғы қызмет орным «Оңтүстік» телеар­насында 25, республикалық Қазақ радиосының ОҚО тілшісі қызметін 10 жыл абыройлы атқарып, өткен жылы зейнеткерлік демалысқа шық­тым. Мұхтар Пірмаханбетов, Қыдырбай Жұ­маділов, Слам Нұрмағамбетов тағы басқа аға­ларды ол кезде сырттай білуші.едім, кейіннен кез­десіп, таныдым. Қараспаннан Әсет Тасте­міров деген аға да материалдар жазып тұратын.
Фан­таст жазушы Сарманбай Исақ аға тамаша су­реттер салатын. Шаһаризада Дәнееваны бертін келе таныдым. Мен кейде өз жазғандарымды Құралай Ерсұлтанова әпкем арқылы редакцияға беріп жіберетін­мін. Нармахан аға газетті қызықты, мазмұнды етіп шығар­ды. Павлодарға алдырып тұр­дым. «Ордабасы оттары» ұжымына үлкен шығарма­шы­лық табыс тілеймін. От­тарыңыз сөн­бесін! Жарқырап, оқырманға жа­рық­та­рыңызды шаша беріңіздер!
Уәлихан ҚОЖАҚ,
ардагер журналист.