ШЫМКЕНТ: CЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАНЫ ҮШІН 2 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ СЫЙАҚЫ АЛДЫ

132

Өткен жылы өтініштер бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесуге ықпал еткен 12 тұлға көтермеленді. Олардың сыйақы мөлшері 2 млн. теңгеден астам соманы құраған. Ағымдағы жылы 2 айдың ішінде 3 тұлға көтермеленіп, сыйақы мөлшері 600 мың теңгеден астам соманы құрады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғалар үшін заңнамалық түрде біржолғы ақшалай сыйақылар белгіленген.
Көтермелеу ақпараттың дұрыстығы, сондай-ақ заңды күшіне енген сот үкімі, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы, прокурор бекіткен қылмыстық істі тоқтату туралы қылмыстық қудалау органының қаулысы немесе қылмыстық процестік кодексі тармақтарының (ҚПК 35,36 баптары) негізінде қылмыстық істі тоқтату туралы сот қаулысы болған кезде жүзеге асырылатынын атап өту қажет.
Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде тәулік бойы 1424 CaII-орталығының жұмыс істейді.
Лауазымды тұлғалар тарапынан ақша қаражатын бопсалау, жымқыру, өкілеттілігін асыра пайдалануға тап болған кез келген азамат осы номерге хабарласа алады.
Мамандар хабарлама қабылдайды, кеңес береді және міндетті түрде тиісті шаралар қабылданады.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent?lang=kk