Халық қалаулысы қаланың электр жүйелерін дамыту барысымен танысты

432

Шымкент қаласы тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту маңызды міндет екені белгілі.  Қаланың энергетика саласын кешенді түрде жаңғырту бастамасы қолға алынып, бүгінде жұмыстар басталып та кетті.

Осы орайда, «AMANAT » партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген жол картасындағы негізгі көрсеткіштердің орындалуына бақылау жасау мақсатында Шымкент қаласы мәслихатының депутаты AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Сүлейменов Қайрат Мұсаханұлы бекітілген индикатордың 98, 99, 100 тармағы бойынша халықты электр қуатымен қамту жұмыстарына бақылау жасады.
Халық қалаулысы қаладағы «Асар» шағынауданындағы энергостанциясында болып, қаланың электр жүйелерін дамыту схемасымен танысты.
Қазіргі таңда Шымкент қаласында 110 КВ желісі бар. Шымкент қаласының энергетикалық әлеуетін 2025 жылға дейін даму жоспарына сәйкес, электр қуатын таратушы 6 қосалқы станция салу жоспарланған. Олар  «Ынтымақ» 110/10 кВ, «Қызылсу» 220/110/10 кВ,, «Жұлдыз» 220/110/10 кВ, «Тұран» 110/10 кВ, «Шымсити» 110/10 кВ, «Ипподром» 110/10 кВ қосалқы станциялары.