КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛМАУЫ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ ЖӘНЕ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫМЕН ӨТТІ

176

 

 

Бүгін қала әкімінің төрағалығымен коронавирустық инфекцияның ықтимал толқынына дайындық бойынша штаб отырысы өтті. Онда ковидке қарсы дайындық жұмыстары пысықталды.

М.Әйтенов қаладағы эпидахуалды қатаң бақылауға алудың және карантинге қайта кірмес үшін азаматтардың жеке жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті. Коронавирустың ықтимал толқынының алдын алу мақсатында қала тұрғындары арасында ревакцинациялау және қоғамдық орындарда сақтық шараларын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын көптеп жүргізуді, мобильді топтардың жұмысын жүйелеп, олардың санын арттыру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Шымкентте жалпы жыл басынан бері инфекциямен ауырғандар саны – 7474, 6912 – жазылған, 67 адам қайтыс болған. Соңғы 1 айда КВИ-дің 572 жағдайы, соңғы тәулікте 103  тіркелді. Олардың 13 пайызы жазылып шықты. 32 адам стационарда, 463-і үйінде ем қабылдауда. Науқастарды 100 орындық қалалық инфекциялық аурухана қабылдап жатыр, дәрі-дәрмек қоры мен вакцина жеткілікті. Коронавируспен күрес жөніндегі іс-шаралар кешеніне сәйкес мединицалық құрал-жабдықтар, дәрігерлер мен қосымша ПТР орталықтары дайындалуда. 74 мобильді топ жұмыс істеуде, 137-сі резервте.

Тұрғындарды КВИ-ге қарсы вакцинациялау бойынша: 1 компонент – 619 490, 2 компонент – 607 859; ревакцинация 3 компонент – 354 719 (жоспардың 55 пайызы орындалды), 4 компонент – 15032 адам алды.

 

КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫМЕН ӨТТІ

Шымкент қаласының әкімі және әкімдік жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес  мүшелерінің кезекті отырысы Еңбекші ауданының жастарымен өтті.

Кездесу барысында Еңбекші ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды.

Қала әкімі жастар арасында қозғалып жүрген өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жастар талқылауда белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлері айтылды.

  • Жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, жоғары оқу орындарының, колледждердің түлектерін мемлекттік бағдарламалар арқылы тұрақты жұмысқа орналастыру;
  • «Ерікті жастардың біліктіліктерін арттыруға арналған жобалардың санын көбейту.
  • Жас режиссерларды қолдауға арналған фестивальдармен іс-шаралардың санын арттыру сыңды ұсыныстар ұсынылды.

Мегаполис жастары бүгінгі күн мен болашаққа нық сеніммен қарауы жəне жан-жақты жарасымды жетілуіне,  қаламызды дамуына, көркейуіне жастардың ерекше қолдауы және жауакершілігі жоғары екендігін айтып, жастардаң барлық оң бастамаларын қолдайтынын жеткізді.