САЯБАҚҚА СӘН КІРДІ

360

Шымқаладағы көрікті демалыс орындарының бірі-«А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік Дендрологиялық саябағы». Тұрғындар мен қонақтар осы саябақта серуендеп, демалуды әдетке айналдырған. Сол себепті де саябақ тазалығы басты назарда.

Осыған орай саябақ аумағында «Build Stroi» және «Жасыл жер» ЖШС қызметкерлері тазалық жұмыстарын жүргізді. Жасыл желектер суғарылып, толық тазалау жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде адамдардың жүрісіне қауіп төндіріп тұрған талдар кесіліп, бұталанды. Оған 400- ден астам жұмыс күші және 20 техника жұмылдырылды. Бұл әрине, бір күндік жұмыс емес, тазалық жұмыстары кестеге сай ұдайы жүргізіліп тұрады.

Жалпы дендросаябақ- жергілікті маңызы бар, ерекше қорғалатын табиғи аймақ. Оны күтіп-баптау тек тазалық жұмыстарын жүргізетін белгілі бір мекеменің ғана міндеті емес. Сондай-ақ, тазалықты сақтау әрбір саябаққа келіп, демалушының да міндеті. Өйткені, қоршаған ортаның тазалығы адам өміріне әсер етеді.