ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСУЫ

232

 

Қоғамдық тыңдаулар мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу үшін ашық отырыстарды, сауалдарды өткізу арқылы мемлекеттік және басқарушылық шешімдерді қабылдау процессінде қатысуға жұртшылықтың құқықтарын іске асыру нысандардың бірі.

Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру процесінде қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылады. Демек, экологиялық сараптамаға ұсынылатын барлық жобалар бойынша тұрғындардың келісімі есепке алынады. Сонымен бірге мүдделі жұртшылық өкілдері болмаған кезде қоғамдық тыңдаулар өткізілмеді деп есептеледі.

Қоғамдық тыңдаулар тәртібі Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидасында (ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.08.2021 ж. № 286 бұйрығы) айқындалған. Тыңдаулар Бірыңғай экологиялық порталда (ecoportal.kz) ашық жиналыстар өткізу немесе көпшілік талқылауларын жүргізу арқылы ұйымдастырылады. Осы тәртіпке сәйкес қоғамдық тыңдауларды Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (әрі қарай Басқарма) ұйымдастырады және тыңдауларда тек қоршаған ортаға қатысты мәселелер қаралады.

Қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күні, орны мен уақыты туралы хабарландыру газетте және теле немесе радиоарна арқылы, сондай-ақ мүдделі жұртшылық үшін қолжетімді орындарда таратылады. Қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттар республикалық (ecoportal.kz) порталда және Басқарманың ресми интернет-ресурсында танысу үшін күнтізбелік отыз күн бұрын орналастырылады.

Түркістан облысы бойынша жалпы 201 ашық жиналыс түріндегі қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Қоғамдық тыңдауларда жұртшылықтың пікірі ескеріліп, 2019 жылы «Джон Бан МеталлПром» ЖШС-нің Ордабасы ауданы Бадам ауылдық округінде мырыш пен қорғасын тотықтары және мыс концентраты өнімдерін шығаруға арналған металлургия зауты құрылысының жобасы және 2020 жылы «DUOS Битум Group» ЖШС-не қатысты Сарығаш ауданы Дарбаза ауылында битум зауытының жұмыс жобасы бойынша объектілердің құралысы тоқтатылды.

Ағымдағы жылы бүгінгі күнге 113 ашық жиналыстар ұйымдастырылды, оның ішінде 3 тұрғындар өткізілмеді деп есептелді, тыңдауға қатыспауына байланысты, 10 жоба бойынша жұртшылық қарсылығын білдірді. Сонымен бірге ecoportal.kz порталда 162 көпшілік талқылаулары ұйымдастырылды.