«АРОФАТ АНА» ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНДА АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

223

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев Білім күніне орай, 1200 орынға арналған «Арофат ана» жалпы орта мектебінің салтанатты ашылуына қатысып, барша білім мен ата-аналар қауымын құттықтады.

Шараға Сайрам ауданының Құрметті азаматы, аудандық адами әлеуеттік дамыту бөліміне қарасты әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Gulnar Nurtanova және ауыл белсенділері қатысты.

Мадияр Мұхтарұлы: «Құрметті ұстаздар мен ата-аналар! Қымбатты оқушылар! Бүгін ең айтулы күн — Сіз үшін алғашқы қоңырау соғылады! Бұл алғашқы қоңырау бірінші сыныпқа кірген балалар мен осы оқу жылының түлектері үшін өте маңызды! Сіздерді дәстүрлі Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталу мерекесімен құттықтаймын! Білім – адам баласының өмірлік серігі, өз тағдырының тұғыры. Ал ұстаздар – осынау жарқын әлемге жол ашушылар. Адам өміріндегі сарқылмас қазына — ол білім. Адам баласы барлық арман, мақсаттарына тек білім арқылы ғана жете алады. Бүгін барлық білім беру мекемелері есіктерін айқара ашып, білім нәрімен сусындауға келген Отанымыздың жастарын, бүлдіршіндерін құшақ жая қарсы алуда. Биыл ауданымызда 2022-2023 оқу жылына бірінші сыныпқа 5 мыңнан аса бала мектеп табалдырығын аттағалы тұр. Жеке кәсіпкер Н.Сулаймановтың бастамасымен балаларды мектепке толық қамту үшін ауданда 6 жекеменшік мектеп бой көтеріліп, бүгін оның 4-уі есігін айқара ашып отыр. Осындай жаңа ғимаратта білім алып, үздік түлек атаныңыздар. Ел ертеңі Сіздерсіздер, қымбатты шәкірттер, қиялдарыңыз ұшқыр болып, қанаттарыңыз талмасын! Жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жағымды жаңалықтарға толы болсын! Білім күнімен құттықтай отырып, осы оқу жылы біздің оқушыларға өз қабілеттері мен таланттарын көрсетуге мүмкіндік берсін деп тілеймін. Әр күн Жаңа ашылуларға толы болсын! Құрметті ұстаздар, сіздердің қажырлы еңбектеріңізде зор денсаулық, шығармашылық шабыт, білім жолында жаңа жетістіктерге жетулеріңізді тілеймін!», — деген сөздерімен ыстық ықыласын жеткізді.

Осы мектептерде оқытылатын балалар үшін сапалы білім беру, оқулықтар мен мектеп формаларымен қамту, тасымалдау қызметі, тамақтандыру, шәкіртақы мәселелері ұйымдастырылған. Ашық және жабық спорт ғимараттары, сонымен қатар бассейндер бар. Оқушыларға пәндік және өнер үйірмелері ашылған.

Жалпы 7200 бала оқумен және 660 мұғалім жұмыспен қамту жоспарлануда. Қазіргі таңда бала саны артқан мектептерден оқушылар мен ұстаздар жекеменшік мектептерге өтуде.

Бұл мектептердің құрылысына кәсіпкердің есебінен 1 млрд. 200 млн. теңгеден аса қаржы жұмсалған. Айта кетелік, 40 млн. теңге көлемінде мектеп формасы, 80 млн. қаржыға оқулықтар сатып алған.

Мереке күні аудан әкімінің орынбасары және ауылдың құрметті ардагерімен бірге жаңа ғимараттың лентасын қиып, мектеп директорына алтын түсті кілтті тапсырып, мектептің оқу бөлмелерімен танысты.

Алғашқы қоңырауға арналған іс-шарамен жалғасып, балаларды қуанышқа бөледі.