«Интеллектуалды ұлтқа ұйысу…»

814

Шымкентте «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласы аясында және «Интеллектуалды ұлт – 2020» мемлекеттік идеясын жүзеге асыру мақсатында «Ойлы болсаң, озып көр!» байқауы басталды. Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған ұлттық жобаның мақсаты жастарды зияткерлікке баулуға бағытталған. Яғни, шахмат, тоғызқұмалақ және дойбы ойындары арқылы жастардың ойлау қабілетін арттырып, саналы ұрпақ қалыптастыру. Елімізде ең алғаш болып Шымкент мектептерінде шахмат ойыны пән ретінде биыл енгізіліп отыр-дейді Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар басқармасының басшысы Жанар Бектаева.