КҮЙ ОЙНАЙДЫ, СӘРСЕНБІНІҢ СӘТІНДЕ!

780

,, Домбыра, сенде мін бар ма?
Мінсіз болсаң- тіл бар ма?
Тіл жоқ деуге бола ма,
Тілден анық үн барда?
Домбыраның күші мол,
Көмейінде күй барда,,- деп Ілияс Жансүгіров тамаша бағасын берген домбыраны халқымыздың жаны, мұңы, арманы десек жарасады. Түп тарихына үңілсек ондаған ғасырды шарлап кетеміз…
Дүниеге көшпелілер қайталанбас ғажайып өнер сыйлай алды. Олар Адамдық болмысты Тәңірлік болмыспен шендестіруді армандау арқылы өнерлеріне мейлінше асқақ рух дарытты. Сол асқақ рухты өнерлерінің ішінде Тәңірдің тіліне баланған ең құдіреттісі музыкасы болды. Байырғы түркілер күйді (аспапты музыка) ,,күк» деп атап, Тәңірмен тілдестіретін дәнекер деп білді,, ( М.Қашғари.Түрік сөздігі.Үшінші том.186 бет)
Мұны аздаған тарихи- лирикалық шегініс деп білерсіздер. Сонымен..
Сол, ғасырлардан үн қатқан қасиетті домбыраны ұлықтаудың тамаша үлгісін Ордабасы ауданының әкімі, ұлтжанды азамат Нұрбол Тұрашбековтың өнегелі ісінен көрдік. Халқына етене жақын әрі өнерді терең түсінетін азамат әр аптаның сәрсенбісін қоңыр домбыраны күмбірлете отырып жан- жақты насихаттауға арнап отыр. Аталған шешімге риза болған аудан өнерпаздары орталықтағы ,,Самұрық,, аллеясында бас қосып ән мен күйден шашу шашты. Жақсы мағынасында ,,сынықтан басқасының бәрі жұғады,, десек болады. Ауданнан бастау алған бұл, рухани ірі іс- шара енді әрбір ауылда жалғасын табатынына күмән жоқ.
Жоқ кезде “халуа, халуа”- деп мың қайталасаңда аузыңа тәтті дәм бармайды,- дейді шығыс даналығы. Сол айтпақшы ,,жаңғырайық, жаңғырайық,, деп құлақты сарсытып қайталай бергенше жұмысыңды Ордабасыдағыдай ойға қонымды оң істермен көрсете білген жөн- ау сірә!?
,,Күй ойнайды қазағымның қанында…»
Ә.Белгібай
,,Аra24.kz» агенттігінің шеф- редакторы