“ТҰРАШБЕКОВ ТҮРКІСТАНҒА БАРА ЖАТЫР…”

1189

Соңғы уақытта кадрлық “ауыс-түйіс” жайлы әңгіме желдей есіп тұр. Қысыр әңгіме тек, Түркістан жайлы ғана емес, Шымкент пен Алматы туралы да “гу-гу” әңгіме өршіп тұрғаны шындық. Бүгін бұл отты “маздатқан” тағы бір әңгіме шықты. Жәй әңгіме емес-ау нақты ақпарат таралды. Несін айтасың “Түркістанға Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков бара жатыр”-дейді. Кім боп?… Қайда?.. Не үшін?.. Бұл ақпаратты көшедегі біреу емес, Түркістан облысы әкімдігінің өздері таратты. Сөйтсек ақпарат көзі рас болып шықты. Иә, расында ертең Түркістанға Нұрбол Тұрашбеков бара жатыр екен. Неге дейсіз бе?..
“Алатау” медиада БАҚ өкілдеріне Ордабасыдағы оңды істер жайлы баспасөз мәслихатын өткізбекке бара жатыр екен. Ақ жол! Ақпараттық хабарламаның қысқаша мазмұны былай…

Құрметті БАҚ өкілдері!

Ертең, 20-мамыр күні Ордабасы ауданында атқарылған жұмыстардың қорытындысы әрі биылғы жоспарлар тақырыбында брифинг өтеді.

?️Спикер: Аудан әкімі Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы

? Өтетін орны: Алатау медиа орталығы, 1-қабат
? Басталуы: 11:00

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
ARA-ақпарат