ТҮРКІСТАНДАҒЫ КІТАП ДҮКЕНІ САЙЛАУШЫЛАРҒА ӘДЕБИЕТ ТУЫНДЫЛАРЫН ҰСЫНДЫ
Түркістан қаласындағы «БиК» кітап дүкені 117 сайлау учаскесінің сайлаушыларына әдебиет туындыларын ұсынуда.
Ұйымдастырушылар сайлауға келушілер тарапынан кітапқа қызығушылық жоғары болғанын айтады. Тарихи-танымдық, философиялық, психологиялық шығармалармен қатар балалар әдебиеті де көпшілік назарына ұсынылды.
Айта кетейік, 117 сайлау учаскесіне 2593 сайлаушы тіркелген. Қазіргі таңда өз таңдауын жасаған тұрғындар қатары 50 пайыздан асты.