ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ТАРИХИ РӨЛІ
Бүгін Түркістан қаласындағы «Облыстық жастар ресурстық орталығы» КММ-де Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының облыстық «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің 2022 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес, «Қуғын-сүргін жылдарындағы қазақ педагогтерінің тарихи рөлі» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсат — болашақта саяси сауатты, патриотты ұрпақ тәрбиелеу. Өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, еңбексүйгіштікке үйрете отырып, өз ой-пікірін еркін жеткізуге тәрбиелеу.
Дөңгелек үстелге Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, теология факультетінің декан орынбасары, Phd доктор, «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының тең авторы Төлеген Мұхит, Кентау қаласы, Т.Рысқұлов атындағы №24 мектебінің тарих пәні мұғалімі Тулеева Жанат, Түркістан қаласы, Ғ.Мұратбаев атындағы №5 ЖОМ, тарих пәні мұғалімі Кошкаров Нурбек, Түркістан қаласы, №19 ЖОМ, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, тарих пәні мұғалімі Қансейітов Ерлан, Түркістан облысының білім беру дамыту орталығының директоры Бақытжан Төлімбет және облыс әдіскерлері, тарихшылар қатысты. Жалпы қатысушылар саны 75 адамды құрады. «Қуғын-сүргін жылдарындағы қазақ педагогтерінің тарихи рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстелді модератор Б.Төлімбет жүргізіп отырды.
Дөңгелек үстелдің алғашқы шымылдығы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алудан бастады. Жиын барысында қуғын-сүргінге ұшыраған қайраткерлерге арналған «Ахмет – ұлт ұстазы» атты сахналық қойылым мен әдеби-поэзиялық кеш тамашаланды. Оқылған баяндамалар да қызу талқыланды. Еркін микрофон арқылы көптеген сұрақтарға жауаптар алынды.