ТҮРКІСТАНДА «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

264

Қаламызда зорлық-зомбылыққа қарсы Халықаралық күрес күніне орай акция басталды. Нәзік жандылардың құқығын қорғайтын шара Түркістан қаласында облыс әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен бірлесіп ұйымдастырылды.

Акция аясында өткен қоғамдық қабылдауға келген азаматтарға кеңес беріп, белсенділер мен құқық қорғаушылар құқықтық білімін арттыруға сеп болды. Сондай-ақ, қаламыздан ашылған зейнеткерлерге арналған белсенді өмір сүру орталығы туралы мәлемет берілді. Әйелдер құқығын алға тартатын шара әр елде әртүрлі үндеумен белгілі. Елімізде «Ойлан», «Стоп», «Қарсылық көрсет!», «Үнсіз қалма» «Қаш» деген сынды тақырыптармен қоғамға үндеу салуда.

Әйелдер мен қыздарға қарсы зорлық – бұл жаһандық індет. Қыз-келіншектерді қорлау – әрбір қоғамға түскен таңба. Бұл кез-келген қоғам үшін әділетті және тұрақты дамуға жол бермейтін үлкен кедергі. Осындай акцияларды өткізу арқылы қыздардың құқығын қорғап, оларға деген құрметті арттыру керек.

Акцияның негізгі мақсаты – қоғамда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған, осының шеңберінде қабылданып жатқан шаралар туралы таныстыру дейді ұйымдастырушылар.