ТҮРКІСТАНДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

234

Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен бекітілген кестеге сәйкес « Ұлы Дала Елі» орталығында «Рәміздер – ел мерейі» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ұрпақ алдындағы міндет» тақырыбында отырыс өтті.

Атаулы шараға «Ұлы Дала Елі орталығының» директоры Г.Дүйсенбаева және директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Н.Мақатаев сонымен қатар, орталық директорының орынбасары Т.Акимов және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиынды «Ұлы Дала Елі» орталығының директоры Г.Дүйсенбаева ашып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай, кез келген Мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін мемлекеттік рәміздерді кеңінен насихаттау керектігін, оның әрбір азамат үшін айрықша маңыздылығын атап өтті.

Орталық директордың орынбасары Т.Акимов: «Сыбайлас жемқорлық – заманмен өсіп өркендеп, небір тегеурінді қарсыластарға төтеп беріп, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек» , — деп сыбайлас жемқорлықпен күрестің алдын алу әрекеттеріне кеңінен тоқталды.

Шараның соңында тақырыпқа орай, дайындалған слайдты тамашалап, қатысушылар өз ойларын да ортаға салды.

Бұндай аталмыш кездесуді бекітілген кестеге сәйкес, қала әкімдігінің дербес бөлімдерінде және орта арнаулы оқу орындарында, барлық мекемелерде тұрақты өткізілуде.