МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 50-ДЕН АСТАМ ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

568

Түркістан қалалық полиция басқармасының ұйымдастыруымен қос мерекеге арналған салтанатты шара өтті. Аталмыш жиында Түркістан ҚПБ бастығы полиция полковнигі Б.Жанаев арнайы құттықтау сөзін сөйлеп, халықтың мызғымас тыныштығы үшін еңбек етіп, күндіз-түні қызметте жүрген жеке құрам мен жеңіске жетуге барын салған ардагерлерге өз лебізін білдірді.

Сондай-ақ қызметтерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін Түркістан қаласының әкімінің атынан 20 қызметкер марапатталды. Ал полиция полковнигі Б.Жанаев 30 қызметкерге тиісті марапаттарын табыстады. Екі қызметкер ҚР ІІМ-нен кезекті шенін алды.

Айтулы іс-шара соңы өнерпаздардың патриоттық әндер шырқауындағы мерекелік концертке ұласты. Бұл мереке — абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Сондықтан да ардагерлер салған сара жолдан жаңылмай, тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайта түсу үшін қажырлылықпен қызмет ете беріңіздер!