КЕЛЕСТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР ТАРИХИ-АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МҰРАЖАЙДЫ АРАЛАДЫ
Келес ауданының полиция қызметкерлері рухани-мәдени тұрғыда даму мақсатында, уақытпен санаспайтын қызметтерінен уақыт тауып, арнайы іс-шара ұйымдастырды. Яғни полиция қызметкерлері аудандағы жалғыз тарихи-археологиялық мұражайға барды.
Кездесу барысында тәртіп сақшылары мұражайдың құрылу тарихы мен онда тұрған тарихи жәдігерлер туралы білді. Айта кетсек, бұл мұражай 1985-1986 Жүзімдік ауылдық округі аумағында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған көне экспонаттар үшін құрылған. Ал тарихшы мамандардың айтуынша, мұндағы жәдігерлер І-ХІІІ ғасырлардағы Қаңлы мен Қарахан мемлекеттеріне тиесілі.
Жалпы жас ұрпақты мәдениет, өнерге баулып, рухани бағытта сусындатуда мұндай іс-шаралардың берері мол. Сондықтан Келес ауданында полицейлердің қатысуымен алдағы уақытта мұндай шаралар жиі ұйымдастырылып тұратын болады.