ПОЛИЦЕЙЛЕР БӨТЕННІҢ МҮЛКІН ҰРЛАҒАН ТҰРҒЫНДЫ АНЫҚТАДЫ

184

Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оның дүкенінің терезесін сындыру арқылы кіріп, құны 100.000 теңге тұратын ет пісіретін аппаратын жасырын түрде ұрлап кеткен.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркелді.

Қылмыстың мән-жайын анықтау үшін тәртіп сақшылары шұғыл әрекет етіп, тиісті тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәулік ішінде күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті бұрын осы дүкенде жұмыс жасаған. Полицейлер қолды болған аппаратты тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі таңда күдіктінің қылмысы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.