«ҚЫРЫҚ КҮН СУСЫЗ ӨСЕТІН ДАҚЫЛ БАР МА?»

135

«Тимур» ЖШС директоры Раджаб Каримов:

«ҚЫРЫҚ КҮН СУСЫЗ ӨСЕТІН ДАҚЫЛ БАР МА?»

-Қазіргі кезде Сауран ауданы фермерлерінің жағдайы қиын. Ауыр дейтін себебім Арыс-Түркістан каналынан 40 күннен бері су келген жоқ. Қай дақыл қырық күнге шыдай алады. Сол дақылды айтсаңыз егіп берейік. Олар келесі жылы Арыс-Түркістан каналынан Шорнаққа су берілмейді деп айтса, біз басқа қолымыздан келетін шарамызды жасайық. Қауын-қарбыз, түрлі дақылдар егіп жатырмыз. Қазір халықтың өлермендігінің арқасында тығырықтан шығудамыз. Бүгінгі таңда Шорнаққа ағын су келіп жатқан жоқ. Бізге келетін сулар қайда кетіп жатыр деген сұрақпен депутаттар, ауданның әкімі барады. Онда мафия ма, мафиядан да үлкен нәрсе ме, түсінбейміз. Біз зайырлы, заңды мемлекеттте өмір сүріп жатсақ, бұл не болды деп ойлап қаламыз. Арыс-Түркістан каналының басшылары «үш жылдан бері жөндеу жұмыстары жүріп жатыр содан кейін су сылқылдап ағады» дейді. Қайда сол уәде? Бәріне шыдап келе жатырмыз.Жөндеу жұмысы бітті енді суы қайда? Осында Әзизов Абибулла деген ағамыз отыр. Өткен жылы еккен мақтасының елу пайызы сусыздықтан қурап кетті. Ешбір адам бұл неден қурады деген сұрақ қойған жоқ. Үш, бес гектар еккен адамдарды қоя беріңіз. Олар мал сатады. Несие алады. Біреуден қарыз алады. Келісім бойынша су келсе береміз дейді. Келісім шарт біржақты жасалады. Ордабасыда су қыркүйекке дейін ағады. Иқанда тамыздың басында тоқтайды. Міне, Шорнақта шілденің онына дейін тоқтап тұр. Осыған сіз ықпал етіп елдің рахметін алыңыз. Ең болмаса, суды тамыздың төрт-бестеріне дейін алатын жағдайын жасап беріңіз.