МЕМЛЕКЕТ КІМДЕРГЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖАЛДАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ?

131

Бұл ретте субсидиядан үміткер отбасының орташа табысы есепке алынады. Отбасы банкі тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасы қалай жұмыс істейтінін таныстырды.

Бағдарламаға кімдер қатыса алады?

Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына келесі төрт санат бойынша кезекте тұрған қазақстандықтар қатыса алады, 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көп балалы отбасылар. Басты талабы, жалдау ақысын субсидиялауға өтініш білдірген отбасының соңғы 6 айдағы орташа табысы отбасының әр мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (2023 жылы – 40 567 теңге) аспауы қажет.

ЕСКЕРТУ: бағдарламаға қатысқысы келетін адамның Отбасы банкінде ашылған депозиті болуы керек. Субсидия алуға өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен www.otbasybank.kz сайтында онлайн қабылданады.

«Сауран-ақпарат».