ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

168

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қоғамда барлық азаматқа қолайлы жағдай, жайлы инфрақұрылым жасақтауды тапсырған болатын. Әр адамның өз мүмкіндігін жүзеге асыруға мемлекет барынша қолдау көрсетіп келеді. Әр аймақта ашылып жатқан әлеуметтік көмек көрсету орталықтары сөзіміздің дәлелі. Әлеуметтік орталықтың құны 116 млн 164 мың теңге. Қаржы жергілікті қазынадан бөлінген. Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев пен аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

-Бүгін қазыналы қарттарымыз бен мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға қолайлы жағдай жасау мақсатында аудан орталығында әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ашылып отыр. Баршаңызды жаңа орталықтың ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Көңілге түйгені көп қарттарымызға қолайлы жағдай жасау — баршамыздың міндетіміз. Бүгін ашылып отырған орталық қарттарымыз бен мүмкіндігі шектеулі жандардың сұранысын қанағаттандыратынына сенеміз,-деді аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев.

Орталықтың іші кең әрі жарық. Қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын нығайту мақсатында барлық жағдай жасалынған. Қойшыбек Арынов ақсақал орталықтың тұрақты қызмет алушысы. Зейнеттегі уақытын тиімді пайдаланып жүрген қария ел Президенті мен облыс, аудан басшыларына алғысын білдірді.

Сауран ауданы бойынша зейнет жасындағы қарттар саны — 7338, мүмкіндігі шектеулі азаматар саны — 3314 және оның ішінде 129-ы мүмкіндігі шектеулі балалар. Орталықта 7 бағыт бойынша қызметтер яғни, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-ағартушылық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-демалыс. Балалар мұнда ән айтып, ойын ойнап, сурет салып уақыттарын тиімді өткізуге жағдай жасалынған. Келушілер массаж жасатып, тіпті фитобөшкеде отырып ем қабылдай алады. Орталық бір айда санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып 1500 адамға дейін әлеуметтік қызмет көрсетуге қауқарлы.