АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ
Асар-2 шағынауданы электр қуатымен толық қамтылды. Бұл күнді ұзақ күткен тұрғындардың қуанышында шек жоқ. 1 млн. теңгеден астам қаржыны талап еткен жобаның екінші кезеңінде 1150 абонент сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алды.
Шымкентте жарықпен толық қамтылған елді мекендер саны артты. Бүгін Асар-2 шағын ауданы 100 пайыз электр қуатымен қамтылды. Бүгінге дейін жекеменшік электр жарығымен қамтамасыз етіліп келген тұрғындар бұл күнді ұзақ күткенін айтады.
Тұрдалы Шынасылов, Асар-2 шағынауданының тұрғыны: «Осыған дейін жекеменшік жарықпен отырдық. Ол қымбат еді. Халыққа өте ауыр болып жатыр еді. Енді қуаныштымыз. Үкіметтің сапалы электр жарығы келіп отыр»
Негізінен бұл аумақты сапалы жарық көзімен қамту жұмыстары 2023 жылдың қараша айында басталған еді. 2 кезеңнен тұрған құрылыс барысында 105,2 шақырым электр желісі жүргізілді. Ал жоба құны 1 млн теңгеден асып отыр.
Жандарбек Әбдуәлиев, мердігер мекеме өкілі: «Бұл жерде 6 км жер асты кабелі тартылды. 1 тарату торабы 10 квт желі. Сосын әуе желісі 14 шақырым. 11 трансформатор қойылды. Проектіміз бойынша 1150 үй жарықпен қамтылып отыр»
Бүгінде Асар-2 шағынауданында құрылыс жұмыстары толық аяқталып, 1150 үй сапалы жарық көзімен қамтылып отыр. Абоненттеу жұмыстары мемлекет қаржысына жүргізіледі дейді жауапты басқарма басшысы. Тұрғындар тек қана құжаттарын дайындап отырса жеткілікті.
Рзабек Меңдіқұлов, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы: «Жалпы механизм бойынша «Энергопотокқа» барады. Құжаттарды тапсырады. Келісімшартқа отырады»
Айта кетейік, қазіргі таңда мегаполистегі 81 елді мекен сапалы электр қуатымен толық қамтылған.
Асар-2 шағынауданы электр қуатымен толық қамтылды. Бұл күнді ұзақ күткен тұрғындардың қуанышында шек жоқ. 1 млн. теңгеден астам қаржыны талап еткен жобаның екінші кезеңінде 1150 абонент сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алды.