ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНДІ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ

117

Ел көлемінде тазалықты қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» атты экологиялық акциясы қолға алынды. Аталған жоба аясында Түркістан облысының барлық қала, аудандары тазалық жұмыстарын бастап кеткен. Нақтырақ айтсақ,

«Таза өлке – Түркістан» науқаны бойынша Түлкібас, Шардара аудандарында күллі мұсылманға ортақ Рамазан айт мейрамы қарсаңында тазалық жұмыстары қарқын алды.

Түлкібас ауданында жаяу жүргіншілер жолдарын қоқыстан тазарту, ағаш бұтақтарын кесу жұмыстарына тұрғындар белсене кіріскен. Сонымен қатар «Таза өлке» апталығында Шардара ауданының тұрғындары мен мекеме қызметкерлері айналаны тазарту жолында аянбай еңбек етуде. Осы қарқынмен Шардара ауданының тұрғындары мен мекеме қызметкерлері Қазыбек би, Төлеби көшелеріне тазалық шарасын жүргізді. Сондай-ақ, аудан тұрғындары өзге де жандарды игі бастамаға қолдау білдіруге шақырды. Аудан аумағында тазалық жұмыстары жалғасын табады.