ҚАЛА ЭКОНОМИКАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ 

85

Шымкент қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті жиыны өтті. Кеңейтілген отырыста басқармалар тарапынан атқарылған жұмыстардың есебі мен ұсыныстары тыңдады.

Алдымен Шымкент қалалық қаржы басқармасының басшысы Руслан Бақтыбаев қала бюджетінің 2023 жылғы кірістері мен шығыстарының орындалуы туралы есебін берді. Қоғамдық кеңес мүшелері игерілмеген қаржының себебін сұрады.
– Бюджеттің атқарылуы үлкен жауапкершілік пен қатаң тәртіпті қажет етеді.2023 жылы қала бюджеті 4 рет нақтыланып, 12 рет түзету енгізілді. Яғни бекітілген бюджет 533 миллиард теңге болатын болса, нақтыланған бюджет 651 миллиард теңгені құрап, жыл басынан 22 пайызға артты. Бюджеттің атқарылуы қала әкімінің тұрақты бақылауында болып, ай сайын, тоқсан сайын мәжілістерде қаралды. Бюджеттің орындалуы көпшілікке ашық болуы үшін интернет ресурстарында жарияланды. Жыл соңында 1 миллиард 673,5 миллион теңге игерілмеді. Оның ішінде республикалық бюджеттің қаражаты толығымен игерілді, – деді Р. Бақтыбаев.
Бұдан кейін Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Роллан Ибрагимов баяндама жасап, қала тұрғындарын сапалы қоғамдық көлік қызметімен қамту, қаладағы жол құрылысы мәселелері жөнінде атқарылған жұмыстарды атап, алдағы жоспарларын қоғамдық кеңес мүшелерінің назарына ұсынды.
Алқалы отырыс соңында тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Азат Исламов Шымкент қаласы тұрғындарын баспанамен қамту шаралары туралы және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы нәтижелі жұмыстары жөнінде бөлісті.
Жиын соңында кеңес мүшелері көкейдегі сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты басшыларықажет,тапсырмаларын жүктеді. Шымкент қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті жиыны өтті. Кеңейтілген отырыста басқармалар тарапынан атқарылған жұмыстардың есебі мен ұсыныстары тыңдады.

Гүлнұр БАЛАБАСОВА