Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 4415 протездік-ортопедиялық құралдар берілген

106

Түркістан облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы 2024 жылғы 1 шілдеде атқарылған жұмыстар бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 4415 протездік-ортопедиялық құралдар, 626 сурдотехникалық құралдар бар. Сонымен қатар, 1261 тифлотехникалық құралдар, 1337 кресло-арба, 8425 санаторийлік-курорттық емдеу, 1399 жеке көмекші қызметі, 1090 ымдеу тілі маманы қызметі мен 17968 міндетті гигиеналық құралдары бар.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамдағы орны қандай? Жағдайлары нешік? Тұрмыстары қалай?  Оларға мемлекет қаншалықты жәрдем беруде? Оларды жұмыспен қамту,  еңбекке баулу қалай жүргізілуде? Мүмкіндігі шектеулі жастардың хал-ахуалы не болып жатыр? Бұл айтылғандар көпті толғандыратын мәселе екені даусыз. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау ҚР Конституциясы, «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңы бойынша реттелетінін айта кеткен жөн.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында Үкіметке қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға ерекше көңіл бөлуді тапсырған еді.

«Тек ресми статистика бойынша 80 мыңнан астам бала мүгедектігіне байланысты есепте тұр. Үкімет БЦП диагнозы бар балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту үшін шаралар қабылдауы керек. Балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажет. Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз. Мен бұл туралы өзімнің сайлауалды бағдарламамда айттым», – деді ҚР Президенті өзінің Қазақстан халқына Жолдауында. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкіметке осы мақсатта үш жыл ішінде кемінде 58 млрд теңге бөлуді тапсырған болатын.