Шымкент: жол жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

695

Шымкентте биыл 182 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Соның бірі – орталық көше саналатын Б.Момышұлы көшесі.

Аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары биыл наурыз айында басталған болатын. Қаланың маңызды көшесі саналатын бұл жолдың құрылыс жұмыстарын «Омар-Транс» ЖШС-ы атқарып жатыр. Техникалық қадағалаушы — «Глобус Инжиниринг» ЖШС-ы.

Б.Момышұлы көшесінің жалпы ұзындығы екі жолақты 2,1 шақырымды құрайды. Жолдың төменгі түзету қалыңдығы 4см болса, асфальт бетонның беткі қабаты 5см болады.

Жөндеу жұмыстары толығымен қазан айына дейін аяқталады деп күтілуде.