КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

5

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байгабулов Сарыағаш аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс отыз алтыншы сессия отырысына қатысты. Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары қатысты.

Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға ұсынды.

Күн тәртібіне енгізілген негізгі мәселе Сарыағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №26-190-VІІІ «2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Азамат Мұратов баяндады.

Баяндамашыға депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар берілді. Талқылау қорытындысында күн тәртібіндегі мәселе бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешім қабылдады.

Сессия барысында айтылған ұсыныстар мен айтылған мәселелерге сәйкес аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байгабулов жауапты мемлекеттік органдарға жолданатын ұсыныс хаттар әзірленетінін атап өтті.