АРДАГЕРЛЕР ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

427

Елімізде орын алған қиын жағдайдан соң Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен жүргізілген жүйелі жұмыстар нәтижесінде еліміздің барлық өңірлерінде тұрақты жағдай қалыптасып келеді.

Осы орайда Қаратау ауданының ардагерлер кеңесі мүшелері, белсенді ардагерлері аудан аумағындағы саябақтар мен алаңдарға «халық сақшысы» ретінде шығып, аудан жастарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ардагерлер жастарға халқымызды арандатуға және тұғырлы Тәуелсіздігімізге жасалған мұндай шабуыл кезеңінде біздің басты мақсатымыз — бірлік екенін атап өтті. Ел болашағының ауыр жүгі жүктелген Мемлекет басшысын барша ел болып бірге қолдауға шақырды. Түсіндіру жұмыстары аудандық ардагерлер кеңесі тарапынан алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Құрметті тұрғындар!!!

Біздің еліміздің басты жетістігі, ел еңсесі — Егемендігі. Сондықтан бабалардан мирас болған Азаттығымыздың ашық аспанына ешкімнің сызат түсірмеуіне, нұқсан келтірмеуіне тікелей жауапты Сіз бен біз!