САРЫАҒАШТА ЕТ ӨНІМІН АРЗАН БАҒАДА САТАТЫН ЕКІНШІ ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН АШЫЛДЫ

429

Аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен Сарыағаш қаласы, «Самал 3» мөлтек ауданы, Торғай көшесі №3/15 мекен-жайында орналасқан «Бекнұр» супермаркеті маңынан «Әлеуметтік ет дүкені 2» ашылды.

Бүгінгі таңда аталған дүкенде кәсіпкер М.Анарқұлов ірі қара мал етін саудалауда.

Жаңадан ашылған жалпы аумағы 40 шаршы метрді құрайтын әлеуметтік дүкенде 2 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Әлеуметтік дүкен халыққа қолжетімді бағада ет өнімдерін сатуды үйлестіріліп отыр. Яғни, ет өнімі 2000-2200 теңгеден саудаланып, нарық бағасынан 10%-ға төмен бағамен халыққа ұсынылуда.

Аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қосу мақсатында басқа ауылдық округтерде де осындай әлеуметтік дүкен ашу жоспарланған.

Мұндағы мақсат — азық-түлік бағасын тұрақтандыру және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу. Сонымен қатар, бұл дүкен алдағы уақытта ауданымыздың тұрғындарын сапалы әрі белгіленген бағада ет өнімдерін сатып алуына өз септігін тигізері сөзсіз.