ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

501

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, «Атамекен-Қазақстан» қандастарға арналған қоғамдық қордың басшысы Ж.Искакова мен Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесінің маманы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді.

Қоғамдық бақылау барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін мекеменің ғимаратына кіруге қолайлы жағдай жасалған, яғни арнайы шақырту батырмасы бар пандус орнатылған.

Мекемеге келген қызмет алушыларға электронды түрде қызмет алуына «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орнатылған. Бұл өз кезегінде халық арасында қызметтерді электронды нысанда алу жөнінде насихаттау жұмыстарының үздіксіз жүргізілуінің нәтижесінде электронды түрде қызмет алу үлесінің өсуіне ықпал етуде.

Қоғамдық бақылау барысында бөлімдегі қызмет көрсету сапасына қатысты өзекті мәселелер талқыланды және нәтижесімен мекеме басшысына ғимаратта қызмет алушыларға қолжетімді ақпараттар мен қағидалар ілінген көрнекіліктерді мерзімді жаңартып отыру ұсынылды.

Жұмыс тобының мүшелері тарапынан алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.