САУРАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ТОП ЖАРДЫ

139

«Балалар жылына» орай, ұйымдастырылған «Qarabatyr boxing Championship» балалар мен жасөспірімдер арасында бокстан өткен Халықаралық турнирде Сауран ауданының жастары топ жарды.

Республикалық деңгейде өткен тартысты додада Б.Османов 30 кг салмақта 1 орын, А.Идрисов 54 кг салмақта 1 орын, Д. Абдураимов 40 кг салмақта 2 орын, И. Абдуллаев 44 кг салмақта 3 орындарды иемденіп, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.

Жүлдегерлер «Qarabatyr» спорт клубының жетекшісі М.Жумашбековтың арнайы дипломдарымен марапатталды.

Жас спортшыларымызды жеңістері мен құттықтай отырып, толағай табыстар тілейміз!