ҚАРИЯСЫН СЫЙЛАҒАН ЕЛДЕ ҚАСИЕТ БАР

176

Құрметті Сауран ауданының тұрғындары!

Сіздерді 1-қазан Қарттар күнімен құттықтаймыз!

«Қарттарым – қазынам» деп қарайтын біздің қоғамда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді. Ардагерлер мен қарттар алдындағы парызымызды білеміз.

Жастық шағын еліміздің гүлденуі мен өркендеп дамуына арнап, маңдай терін төккен аталар мен әжелерге құрмет көрсету мемлекет тарапынан ғана емес – қоғамның барлық өкілдерінің, әсіресе жас буынның басты парызы екенін де ұмытпаған жөн.

Ел қазынасын, қариясын жоғалтса, қасиеті жоғалары анық. Қазыналы қартын «жазып қойған хатына теңеген» халқымыз үлкенге деген құрметке сызат түсіріп, кемшілік жібермеуге шақырғанын біле отырып, қарияларымызды мерекесінде ғана еске алмай, әркез ескере жүрейік.

Сауран ауданында 742 ардагер бар. Оның біреуі ҰОС-ның, 239 тыл ардагері. Құрметті, дария кеуде асыл қарттарымыз! Сіздердің отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз! Мереке құтты болсын!