БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 96 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ
Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Ақтас елді мекеніне табиғи газ берілді. Құрылыс жұмыстары былтыр басталып, мерзімінен кешіктірілмей 16,7 шақырымға газ құбыры тартылып бітті. Нәтижесінде аталған аймақтағы 1 380 тұрғын көгілдір отынды пайдалану мүмкіндігіне ие болып отыр. Ескере кететін жәйт, тұрғындар үйінің алдына келіп тұрған орталықтандырылған газ құбырына қосылу үшін алдымен «ҚазТрансГаз» АҚ-ымен техникалық шарт жасасуы тиіс.
Қазіргі уақытта Ақтас елді мекеніндегі құжаттары дайын тұрғын үйлерге рет-ретімен газ беріле бастады.
Айта кетейік, биыл Шымкент қаласы бойынша табиғи газбен қамту көрсеткіші 96 пайызға жеткізіледі, Өткен жылы қаладағы 81 елді мекеннің 50-і табиғи газбен қамтылған. Ал, биыл қалған 6 нысанның құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Олардың қатарында Тассай, Тұран 3 кезек, Асар-2, Сауле шағын ауданы, Солтүстік саяжай, Бозарық елді мекендері бар. Сондай-ақ, Нұртас шағын ауданына жеткізуші газ құбыры және Ынтымақ-2 шағын ауданын табиғи газбен қамту мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы мердігер мекемелер анықталған.
Одан бөлек Нұртас шағын ауданындағы газ құбырының құрылысы 2023 жылы аяқталады. Биыл Ақтастан бөлек Арғымақ елді мекені де табиғи газбен қамтылатын болады.
Бүгінде Тұран ауданы аумағындағы елді мекендердің 95,5 пайызы көгілдір отынмен қамтылған. 2022 жылдың соңында Арғымақ және Ақтас-2, Ақжар елді мекендерін табиғи газбен қамту құрылысы толық аяқталды. Қазіргі таңда «ҚазТрансГаз» АҚ-ы тарапынан сынама жұмыстары жүргізілуде.
Жыл қорытындысымен, Тұран ауданын табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 99 пайызға жеткізіледі. Ал, Ынтымақ-2 шағын ауданындағы құрылыс жұмыстары 2024 жылы бітеді. Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Ақтас елді мекеніне табиғи газ берілді. Құрылыс жұмыстары былтыр басталып, мерзімінен кешіктірілмей 16,7 шақырымға газ құбыры тартылып бітті.
Айта кетейік, Абай ауданы 2024 жылы толық табиғи газбен қамтылады. Абай ауданы аумағы бойынша 27 елді мекеннің 20-сы табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 7 елді мекен қатты отынды пайдалануда. Қала әкімдігінің мәліметінше, биыл Абай ауданындағы Асар-2, Қайнарбұлақ /1-2 кезең, Бозарық 74 га, Нұршуақ елді мекендері табиғи газға қосылады. Ал, 2024 жылы Ынтымақ-2 Қайнарбұлақ саяжайы, Бозарық жаңақұрылыс аумағы, Тәуелсіздікке 20 жыл аумағы табиғи газбен қамтылатын болады. Сонымен қатар, Ынтымақ-2 шағынауданын табиғи газбен қамту мақсатында мердігер мекеме анықталды.