ТҮРКІСТАН: РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ОРДАБАСЫДА БІР АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ

207

Республика күніне орай Ордабасы ауданы, Қарақұм елді мекеніне газ құбырын жүргізу құрылысы аяқталып, іске қосылды.Мердігер «Gas Energy Construction» ЖШС мекемесі 2022 жылы бастаған жоба биыл күз айында аяқталып, жалпы ұзындығы 24,665 шақырымды құрайтын құбыр арқылы 600-ге жуық абонетке газ жеткізілді.
Тұрғындардың қуанышын бөлісуге аудан әкімі Азат Оралбаев, облыстық мәслихат депутаты Ғани Райымбеков, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков арнайы келіп, қарақұмдықтардың құттықтады.
– Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында ауылдарымызда да қаладағыдай жағдай жасалуда. Алда ауылдағы тұрғындар қатты отын тұтынудан арылып, таза, табиғи газ тұтынады. Осы орайда баршаңызды келе жатқан Республика күнімен, газ құрылысының іске қосылуымен құттықтаймын, – деді аудан әкімі өз сөзінде.
Салтанатты шарада аудан басшысы, ауыл ақсақалдары, халық қалаулылары көгілдір отынның алауын жағып, ауылда газға қосылған тұрғын үйдің қуанышын бөлісті.
Айта кетейік, ауданда бұған дейін 9 елді мекені табиғи газбен қамтылған. Биыл тағы 25 елді мекенде газ жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 17 елді мекен газға қосылады. Нәтижесінде елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 21,6 пайыздан 46,8 пайызға артады. Ал 8 елді мекеннің газдандыру құрылысы 2024 жылы аяқталмақ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі