МАҚТААРАЛ АУДАНЫНАН 2022 ЖЫЛЫ ШАҚЫРЫЛҒАН САРБАЗДАРДЫ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ҚОРЫНА ШЫҒАРЫП САЛУ РӘСІМІ БОЛДЫ.

175

Мақтаарал ауданында күзгі шақырылымдағы азаматтарды мерзімді әскери қызметтен салтанатты шығарып салу іс-шарасы өтті.

Салтанатты іс-шараға Қарулы Күштерінің ардагерлері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторлары, “Шырын” өнер мектебінің күйшілері қатысты.

Мақтаарал ауданы бойынша Шекара басқармасының бастығы подполковник А.С.Аяганов жастарға ақжол тілеп, ізгі ниетін жеткізді.

Жөнелту алдында әскерге шақырылушылар медициналық комиссиядан, психологиялық тестілеуден, кәсіби іріктеуден өткен.

Жалпы ауданга күзгі әскерге шақыру науқаны кезінде 1000-нан аса жігіт әскерге жіберіледі. Осыған дейін қыркүйек айында ҚР ҰҚК Шекара қызметіне біршама азамат аттанса, қазан айында ҚР ҚК әскери бөлімдеріне шақыру жүріп жатыр.

Аталған шарада Шекара басқарма бастығы мерзімдік шарт әскери қызметшілерге алдағы кезекте сәттілік, амандық тілеп, “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Шырын” өнер мектебінің көркемөнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды.