СТУДЕНТТЕР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасына орай «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Шымкент қаласының жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері тазалық жұмыстарын жүргізді.
Атап айтар болсақ «Мирас» және «Орталық Азия Инновациялық» университеттері мен Политехникалық колледж жастары өз оқу орындарының алаңын тазалады.
160-қа жуық студент оқу алаңдарын сыпырып, гүлдер мен ағаштардың түптерін қопсытып, жиналған қоқыс қалдықтарынан тазартты.
Нәтижесінде, аталған 3 оқу орында 50 кг көлемінде түрлі қоқыс қалдықтары шығарылды.
Айта кету керек, 8 сәуір күні республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Науқан 5 аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар. Осы апта «Таза өлке» деп аталады. Бұл күні тұрғындар мен кәсіпорындар, оқу орындары, түрлі мекемелер өз үйлері мен ғимарат аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізеді.
Бүгін тазалық жұмыстарын атқарған студент-жастар алдағы уақытта да тазалық жұмыстарына белсене қатысып, өз өлкесінің тазалығын сақтауға араласатындықтарын білдірді. Жастардың айтуынша тазалық бір күндік жұмыс емес, сондықтан да қоршаған ортаның үнемі таза болуына әрбір тұрғын өзін жауапты сезінсе қаламызда тазалық сақталады дейді.
Барлығымыз деніміз сау болып, ұзақ өмір сүргіміз келеді. Тазалық – денсаулығымыздың кепілі. Тазалық бар жерде әрқашанда жақсы өмір қатар жүреді. Денсаулығымыз мықты болы үшін спортпен айналысып, әркезде де таза жүрсек болғаны. Адам өмірінде тазалықтың алар орны маңызды. Жаны таза адамның өмірге деген көзқарасы жарқын, ерекше болады. Тазалық әркезде де біздің жанымыздағы сенімді серігіміз болуы шарт. Апайымыз бізге әрқашанда тазалық денсаулықтың жақын досы деп айтып отырады. Адамның сырт келбеті де, ішкі жан дүниесіде таза болуы шарт. Сырт келбеттің тазалығы сені ортады әдемі етіп көрсетсе, жан дүниеннің тазалығы адамдар арасындағы абыройынды жоғарылатады. Жан дүниенің тазалығына сенің адалдығын мен мейірімділігін, өтірік айтпайтын шыншылдығын, өзгеге көмектесетін жанашырлығын жатады. Қоршаған ортаның тазалығыда адам өмірне әсер етеді. Таза ортаның табиғаты да, ауасы да адам жанына жылулық ұялатады. Әрқашанла қоршаған ортамызды таза ұстап, табиғаттың сұлулығын көрсетуіміз керек. Сол себептіде жылда күз бен көктем мезгілдерінде мектеп ауласын тазалау сенбілігі болып тұрады. Барлық сыныптар мектеп ауласын бөліп алып, өздеріне белгіленіп берілген аумақты тазалап, гүлдер мен ағаштардың арасындағы арам шөптерді жұлып, тазалаймыз. Көшедегі су ағатын арықтарды да тазалап, егістікке баратын судың жолын ашамыз. Мұнын бәрі тазалықтың тармақтары. Бақытты өмір сүргіміз келсе әркезде де таза болып жүрейік.