“ҚЫСЫР ӘҢГІМЕ” байқауына ҚАРАСАРТТЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

781

Төпеннің атын атамай жас кезінен-ақ жеңгелері «қарасарт» деп атап кетсе керек.Осыдан бірнеше жыл бұрын Президент сыйлығын- «Парасат» орденін Көпенге Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетов тапсырыпты. Астана қаласынан төрт бөлмелі үйдің де кілті қоса тапсырылған екен.Мұны есітіп қуанған Төпен сатирик ағасына:

Ау, Көпен құтты болсын «Парасатың»,
Құттықтаушы өзіңнің Қарасартың.
Астанадан төрт бөлме үй алыпсың,
Кез келді енді маған қарасатын,-деп құттықтаған көрінеді.