Алкогольдік ішімдік пен темекіге тәуелділік – Қазақстандағы әлеуметтік мәселелер мен қылмыстық жағдайларға тікелей әсер ететін факторлар

31

Бүгінде Қазақстан алкоголь өнімдерін тұтыну көрсеткіші бойынша рейтингте 100-ші орында тұр. Бірнеше жыл бұрын бұл көрсеткіш бұдан жоғары болған. Мемлекет халық арасындағы алкогольдік ішімдіктер пен темекіге тәуелділікті азайту үшін атқарып жатқан жұмыстарының арқасында Қазақстан рейтингтегі көрсеткішін жақсартып келеді. Осы ретте, Түркістан қаласында шылым шегу мен алкогольден арылу бағытында түрлі шаралар өткізілуде. Сондай-ақ, Түркістан қаласының тұрғындарының назарына аталмыш бағытта елімізде атқарылып жатқан шаралар жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Сарапшылардың айтуынша, алкогольдік ішімдік пен темекіге тәуелділік – Қазақстандағы әлеуметтік мәселелер мен қылмыстық жағдайларға тікелей әсер ететін факторлар. Соған орай, Қазақстанда аталған зиянды әдеттерге тәуелді азаматтарды емдеу қызметі тегін көрсетіледі. Дегенмен, бұл қызметке өз еркімен жүгінетіндер аз. Қазір адамзатты осы маскүнемдік пен есірткі, құмар ойын құртып бара жатыр. Оның алдын алмасақ, осы әдеттерді қойдырмасақ, бұл індеттер тұтас ұлттар мен халықтардың түбіне жетеді. Адамдар азғындайды. Ішімдік пен жаман әдеттерге құмарлықтың алдын алу үшін қазір мемлекет те, қоғам да, жекелеген адамдардың тобы да бірігуге мәжбүр екенін түсініп отырмыз.

Еліміз темекімен күрес аясында оның жарнамасына тыйым салған. Дегенмен дүкен сөрелерінде темекі нің көзге түсетін жерлерге қойылуы да насихаттың бір түрі. Жаңа кодекс темекі өнімдерін сату мәселесін де реттейді. Атап айтқанда, оқу орындарынан 100 метр радиустан аз қашықтықта орналасқан дүкендерде темекі сатуға тыйым салынады. Сондай-ақ аумағы 10 шаршы метрден кем дүкендер мен балалар тауарларын сататын дүкендерде темекі сатуға болмайды. Бұл жайдан-жай енгізілген өзгеріс емес, осыдан екі жыл бұрын елімідің ірі қалалары – Алматы, бас қала, Шымкент, Өскеменде мектептен 5 минут қашықта орналасқан 325 сауда нүктесіне тәуелсіз зерттеу жүргізілген. Олардың барлығында дерлік темекі балалардың көзіне түсетін жерге, яғни бір метр биіктікте қойылғаны анықталыпты. Дүкендердің пайызында темекі балалар тәттілері мен ойынықтардың жанына қойылып сатылған. Бұл да астыртын насихаттың бір түрі.Қазақстанда 2,8 миллион адам шылым шегеді. Батыс елдерімен салыстырғанда, бұл жоғары көрсеткіш. Қазақстан үкіметі темекімен күресті күшейтіп, алдағы бес жылда темекіге әуес халықтың санын 22,4 пайыздан 19,9 пайызға азайтуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, кәмелет жасына толмағандар автомобильде отырған жағдайда көлік ішінде темекі шегуге де тыйым салынады. Бұл да құптарлық шешім. Өйткені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, жыл сайын 65 мың бала темекі түтінінен қайтыс болады. Сондай-ақ темекі шегуге тыйым салынған жерлерде шылым шеккендерге жаза қатаңдатылып, айыппұлдар көбейеді. Қазіргі уақытта темекі шегу мәселесі өте өзекті тақырып болды. Әрбір адам ағзаға тіпті бір темекі шегетін зиянды біледі, бірақ адамдардың көпшілігі темекі шегуді жалғастырады. Темекіге қарсы заң бұл жағдайды түзетуге көмектеседі, шылым шегуге қарсы күрестің ең маңызды бөлігі-бұл алдын алу. Никотинге тәуелділік-тек психологиялық сипаттағы проблема. Адамдардың көпшілігі, сигаретті осылайша шеге отырып, стресс пен ширығуды түсіреді. Күн сайын темекі шегетіндер темекі санын арттыра отырып, болашақта оларды зиянды әдетпен байлау қиын бола түседі.

Сондай-ақ, ДДСҰ электронды темекі мен қыздырмалы темекі бұйымдарының зияндығына назар аударады. Бастапқыда электронды темекілер темекі шегу зиянын төмендетіп, жаман әдеттен арылуға көмектесетін зат ретінде жарнамаланды. Электронды темекі құрылғысын қыздырғанда аэрозоль пайда болып, адам онымен тыныс алады. Алайда осы күнге дейін жасалған зерттеулер электронды темекінің зиянсыз емес екенін көрсетті. Өйткені оның да құрамында никотин бар. Ал кез келген формадағы никотинді қолдану зиян. Электронды құрылғыдан шығатын аэрозоль құрамында тыныс жолдары мен қатерлі ісік ауруларына әкелуі мүмкін токсиндер мен улы заттар бар. Оның үстіне ол электронды шылымды шегушінің ғана емес, оның айналсындағы адамдарға да зиянын тигізеді. Тіпті мұндай құралдарды зарядтау кезінде құрал жарылып, өрт шыққан кездер болған. Сондықтан ДДСҰ электронды темекілер зиянсыз деген тұжырыммен келіспейді. Электронды темекілер темекіден бас тартуға септігін тигізе ме деген мәселе де зерттеуді талап етеді. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, осыншама сома темекінің зиянын хабарлау, оның алдын алу, қоғамдық орындарда темекіге деген теріс көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. 2016 жылы шылым шегудің алдын алу бойынша 4 әлеуметтік тапсырыс орналастырған. Дәл осы жылы 61 үкіметтік емес ұйым жалпы бағасы 185 миллион теңгеден асатын 115 жобаны жүзеге асырған.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанның ересек тұрғындарының шамамен 27%-ы белсенді темекі шегушілер болып табылады. Бұл елдің әрбір үшінші тұрғыны темекі тұтынатынын білдіреді. Сонымен қатар статистика көрсеткендей, Қазақстанда шамамен ерлердің 36%-ы және әйелдердің 19% -ы шылым шегеді.Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығында ағымдағы жылдың басында алкогольге тәуелді 90 946 адам есепте тұрған. Оның 3,2%-ын 18-29 жас аралығындағылар құрайды. Бұл статистика 2022 жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмендеген. Елімізде мұнымен қатар темекінің басқа түрі – снюстер кең таралып жатыр. Насыбай тәрізді еріннің астына салып шегетін снюстр әсіресе жасөспірімдер арасында танымал. Мәжіліс мақұлдаған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексте снюске тыйым салынған. Асылы, Швециядан өзге Еуропа елдерінің бәрінде снюсті сатуға 1992 жылдан бері тыйым салынған. Кодекстегі тағы бір жағымды дүние, жасы 21-ге толмаған азаматтарға темекі сатуға тыйым салынады. Қазақстанда алкоголь өнімдерін жасы 21-ге толмаған азаматтарға сатуға тыйым салынған. Осыны алған тартқан мәжіліс депутаттары темекіні де 21 жасқа жетпеген азаматтарға сатпау керек деген қорытындыға келді. Бұл елдегі темекі шегетіндердің санын төмендетеді.Темекі елдің денсаулық сақтау жүйесіне де салмақ түсіреді. Мұны да ДДСҰ растаған. Өйткені темекі кесірінен көбейген ауруларды емдеуге ел экономикасынан қаражат жұмсалатыны түсінікті.

Алкогольді ішімдікке тәуелді адамның өзі ғана емес, оның отбасы да қиналады. Өйткені, баланың алғашқы ұстазы – өзінің ата-анасы. Отбасында жанжал болып жатса, балағат сөздер айтылып жатса, бала қайдан жақсы тәрбие алады? Алкогольді ішімдік пен темекенің зиянын балаға үйретудің орнына ата-ана өздері оларды тұтынып жатса, бұл отбасының ойраны шығады. Отбасындағы жағдай, ата-анаға деген құрметтің жойылуы жасөспірімнің тұйық болуына және оның әлеуметтік позицясына кері әсерін тигізеді. Жасөспірімдердің жаман әдеттерге деген әуестігі үлкендерге қарағанда өте тез дамитынын ұмытпаған жөн. Сондықтан, біз өсіп келе жатқан ұрпағымызды бұл індеттен құтқаруымыз керек. Салауатты өмір салтын насихаттау арқылы балаларды спорт үйірмелеріне баулып, ұлттық тәрбиені алдыңғы қатарға шығару керек.