Қоғамдық көліктерде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

321

«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы басталған коронавирус індетіне байланысты талдап айтты. Биылғы жылы өткен жылғыдай кемшіліктер мен әбестіктерге жол бермей карантин талаптарын қатаң сақтауға күш салу керектігін, қоғамдық орындарды дезинфекциялауды сапалы жүргізуді тапсырды.

Үшінші мегаполистің әкімдігі індетпен күрестің барлық жолдарын мұқият жүргізіп, қаланың бас санитарының қаулыларын орындауға күш салып келеді.

Шымкентте коронавирус індетінің таралуына жол бермеу үшін қоғамдық көліктерде тәулігіне екі рет дезинфекция жұмысы жүргізіледі.

Залалсыздандыру жұмысы теміржол вокзалы, халықаралық әуежай мен адам көп шоғарланатын қоғамдық орындарда да жүргізіліп отыр.

Қазіргі таңда дезинфекциялауға 30 маман жұмылдырылған. Карантин талаптары бойынша ревизорлы бақылау қызметкерлерінің киім үлгісіне өзгеріс енгізілген.

Жалпы, қалада 16 тасымалдаушы компанияның 1 050 көлігі тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Карантин талабына сәйкес жолаушыларға медициналық масқа тағу міндеттелген.

Осыған байланысты бүгін қоғамдық көліктердегі жолаушыларға демеушілер есебінен 1000 дана медициналық масқа таратылды.