ШЫМКЕНТТІК ТАЕКВОНДОШЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
Болгария астанасы Софья қаласында таеквондодан кадеттер арасында кезекті әлем чемпионаты өтті. Қазақстанның намысын қорғаған шымкенттіктер Жабохирхан Исламов пен Достан Нажимханов қола жүлдегер атанды.
Жекпе-жекте тамаша өнер көрсеткен әрі болашағынан мол үміт күттіріп отырған Жабохирхан Исламов 55 келі салмақта ғаламат жетістікке ие болды. Алғашқы үш кездесуде жеңіске жеткен жерлесіміз, ақтық сынға шығар жолда Корей елінің спортшысына есе жіберді. Бапкері Мирзафар Миржамаловтың айтуынша, шымкенттік жас спортшы бұл әлемдік аренада өткен чемпионатқа жоғары дайындықпен барыпты. Ал,кейбір техникалық қателіктер саңлақтың бас жүлде иеленуіне мүмкіндік бермеген. Алдағы кезде осы қателіктерді Азия чемпионатында қайталамас үшін жұмыстар атқарылатын болады. Жиында бапкерлер мен спорт мамандарына арнайы құрмет көрсетілді. Басты мақсат – алда өтетін Азия чемпионатында лайықты өнер көрсету. Болашағы жарқын осы екі спортшыдан еліміз мол үміт күтіп отыр.
Сонымен қатар, бұл әлем чемпионатында қола жүлде алып, келесі жарысқа аттанып кеткен Достан Нажимханов пен Жабохирхан Исламов Сайрамдағы «Тарнадо» спорт клубында жаттығып шыққан болатын. Осыған орай клуб спортшылары,жеңімпаз жерлестеріміздің ата-аналары,туысқандары және спорт сүйер қауымы жеңімпаздарды құрметпен қарсы алды.Шымкент қаласының таеквандо федерациясының президенті Нұрсұлтан Жұманов ел намысын абыроймен қорғап келген шымкенттік жас спортшыға сый-құрмет көрсетті.
Жиында бапкерлер мен спорт мамандарына арнайы құрмет көрсетілді. Басты мақсат – алда өтетін Азия чемпионатында лайықты өнер көрсету. Болашағы жарқын осы екі спортшыдан еліміз мол үміт күтіп отыр. Жаттықтырушылармен шымкенттік қос саңлақ үмітті ақтау үшін қазірден бастап оқу-жаттығу жиындарына қызу кірісіп кетті.