Қазақстандық марафонға жүзуші қыз Сенсация Жасады!

194

Қазақстанның Темір Ханшайымы, Жайықтың батыр қызы Әнел Әлібекқызы Сытдықова Лос-Анджелесте (АҚШ) жүзуден Санта-Католина аралдарынан материкке дейін,

әлемдегі ең беделді марафондық қашықтықтардың бірі Католина бұғазын (Catalina Channel Swimming) тоқтамастан 19 сағат 18 минутта жүзіп өтіп ( шамамен 34 шақырым),

қазақтың атын тағыда бір әлемге паш етті.

Бұл марафондық жүзу 4-тамыз күні сағат 23.00-басталған болатын.

Бұл жерді Америкалық Ла-Манш деп те атайды. Бұл судың тағы бір қиындықтарының бірі, әрине судың салқындығы, қарсы ағыс толқындары және киттердің, топ-тобымен жүзіп жүретін дельфиндардың, кейде тіпті акулалардың кездесіп қалуыда ықтимал екендігі.

Осы қиындықтардың бәрінен қорықпай, қазақтың қайсар қызы Әнел жеңіп шықты, және Санта-Каталина бұғазын кесіп өткен қазақстандық тұңғыш жүзуші атанды.

Міне, қазақтың нағыз қайсар да батыр қызы!

Жүзу кезінде Әнелді Bottom Scratcher қайығында 13 адамнан тұратын топ (төрешілер алқасы) қадағалап отырды. Суда жүзудің барлық мәліметтерін жазып отыратын және ережелердің сақталуын қадағалаған екі тәуелсіз бақылаушы. Байдаркамен қатар жүріп, үш сағат сайын ауысатын екі төреші. Қайықта жүзушіге қарап, бақылап отыратын үш экипаж мүшесі.  Команданың қалған мүшелері — қайық капитаны және оның көмекшілері.

Қайыққа қол тигізуге және су костюмін пайдалануға тыйым салынады.

Осыған дейін, Әнел қарындасымыз өздеріңіз білетіндей 2019 жылы Ла-Манш бұғазын 38 шақырым қашықтықты тоқтаусыз 15 сағат 15 минутта және биыл Манхеттендегі 20 көпірді айналып жүзіп 48 шақырым қашықтықты бағындырған еді.

Әлемдегі ең ұзақ осы 3 марафондық қашықтықтарды бағындырған спортшыларға “ҮШ ТӘЖДІҢ ХАНШАЙЫМЫ” (КОРОЛЕВА ТРЕХ КОРОН) атағы беріліп, ҮШТІК ТӘЖ (Triple Crown) клубының мүшелігіне қабылданады.

Осы клуб мүшелігіне енген, әлем бойынша 100-ге жетпейтін спортшы ғана бар екен.

Жеңістеріңіз құтты болсын, ағайын !!!