«Қысыр әңгіме» байқауына! ЖИНАЛЫСТАҒЫ ЕКЕУДІҢ ӘҢГІМЕСІ

242

— Кімге қол соғамыз?
— Үлкен басшыға ма?
— Жоқ! Былықтың басында тұрған — сол.
— Қасындағы қосшыға ма?
— Жоқ, басшының құйыршығы ол.
— Онда, «малшыға» ма?
— Жоқ! Ол — «жалғасқан жол».
— Олай болса, «жалшыға»?
— Жо-жоқ, «әкесін» жерге қаратпас ол.
— Аузы дуалы ақсақалға ма ендеше?
— Жо-о-оқ, оның «сақал» қойғаны кеше.
— Енді кімге?
— Ешкімге! Көп екен, көп екен «арам қол».
— Бар ма өмірде адал қол?
— Әрине,
— Кімде?
— Қара еңбекшіде.
— Сөйлемейді ғой еңбекші мінберде,
Қол соқпаймыз ба сонда ешкімге?
— Неге? Соғамыз. Тек бір сәт, әдемі сөзге.
Базаркүл Оразбекқызы