ОҚЫРМАНДАР САНЫ ӨСЕ ТҮСУДЕ

136

Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі халыққа қызмет етеді. Оның құрамында жалпы ауданда кітапханалар саны — 29 болса, онда 34,75 штаттық бірлікте қызметкерлер жұмыс атқарады. Ауданда кітапханалардың орналасуы бойынша, он бір кітапхана мәдениет ғимараты клубпен бірге орналасқан. Төрт кітапхана әкімшілік ғимаратымен бірге болса, бір кітапхана пошта ғимаратымен бірге, бір кітапхана медпункт ғимаратында жұмыс істейді. Жеті кітапхана өз алдына дербес жекеменшік ғимараттарда орналасқан. Төрт кітапхана мектептерде ашылған.

Кітап қорына келетін болсақ, кітап қорына 2022 жылы мемлекеттік тапсырыспен келіп түскен кітаптар саны 3430 данаға жеткізілді. Оның ішіндегі қазақ тіліндегісі — 3114 дана, орыс тіліндегісі — 316 дана кітап. Оған бөлінген жалпы қаржы көлемі – 5180050,6 теңге болды. Сыйға берілген кітаптар саны — 370 дана. Сауран ауданында жалпы кітап қоры — 308515. Оның ішінде мемлекеттік тілдегісі — 184458 дана. Өткен жылдың ішінде жалпы оқырмандар саны 17220-ға жетті. Кітапханаларға жалпы келушілер саны: 171704-ке барды. Жалпы кітап берілімі 340684-ке дейін жеткізілді. Кітапханалар жүйесіндегі мәдени іс шаралар саны 760 –қа барды.

Сауран аудандық мәдениет тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімі «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған. Бұл мекеменің жыл басында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Сауран ауданының тұрғындарын мемлекеттік «В1» орта деңгейде және ағылшын тілінде «А1» деңгейлерінде қысқартылған курстарда оқыту мақсатында, жыл соңына дейін мемлекеттік тілден 200 және ағылшын тілінен 200 адамды оқыту жоспарланған болатын.

Мемлекеттік тілді меңгеру бағытында жұмыс жүйелі жүргізілуде. Мәселен, қазақ тілі «В1» орта деңгейі бойынша 80 мемлекеттік қызметкерлер, 80 коммуналдық мекеме қызметкерлері қамтылды. 18 жастан асқан еріктілердің саны 40-қа жетті. Жалпы «В1» орта деңгейі бойынша 200 адам қамтылды. Ағылшын тілі «A1» деңгейі бойынша 80 мемлекеттік қызметкерлер мен 80 коммуналдық мекеме қызметкерлері оқыды. 18 жастан асқан еріктілер саны 40-қа жетті. Осылайша, жалпы «А1» деңгейі бойынша 200 адам дәріс алды.