«ЖАСЫЛ ЕЛ» — ЖАСТАР ТІРЕГІ

108

№18 колледж студенттерінің арасында “Жасыл ел” бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жұмысқа шақыру үгіт-насихат жұмысы жүргізілді.

«Жасыл ел» бағдарламасының арқасында көптеген жастар күн сайын еліміздің қалалары мен аймақтарында еңбек етеді, Қазақстан азаматтарын қоршаған ортаны бағалауға, олардың дүниетанымын, мәдениетін дамытуға және табиғат пен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Бүгінгі таңда жастар-халықтың үлкен әлеуметтік тобы. Қазақстан қоғамының болашағын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Қазақстан қоғамындағы ауқымды реформалардан туындаған басым жағдайлар, жастардың даму ерекшеліктерін және оның әлеуметтік құрылымдағы маңыздылығын анықтады.

«Жасыл ел» жобасының арқасында елімізді көгалдандыру ғана емес, сонымен қатар біздің ортақ үйіміз — Қазақстан Республикасының гүлденуіне жауапты жас азаматтарының жаңа буынын тәрбиелеу!

«Жасыл ел» бағдарламасы құрылған алғашқы жылдардан бастап оң нәтиже беріп келеді. Осы бағдарлама аясында «Студенттік құрылыс жасақтары», «Жасыл ел» секілді еңбек жасақтары құрылған. Мұндағы мақсат – жастардың жазғы каникулда бос жатпай, еңбек етіп, жалақы табу ғана емес, өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбие алуы да маңызды.