МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚАНДАЙ ЖЕҢІЛДІКТЕР БАР?

94

Елімізде мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда мемлекеттік көмек және жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түріндегі қолдаулар бар. Әлеуметтік оңалту шеңберінде ағзаның жоғалған функцияларын өтеу; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтитын көп деңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейді. Осы және өзгеде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты ақпараттамызды Түркістан облысының тұрғындарының назарына ұсынамыз.

Мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін әлеуметтік көмектердің түрлері:Мемлекеттік жәрдемақы, өтемақы және басқа да төлемдер,Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қосымша әлеуметтік төлемдер, Жұмыс берушілердің көрсететін қосымша әлеуметтік көмек түрлері және өзге де ұйымдармен. 2024 жылы аудан бойынша мүгедектігі бар адам саны — 863, І топ – 93 адам, ІІ топ – 337 адам, ІІІ топ – 302 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар  саны -131 адам.Қазақстанның Әлеуметтік кодексіне сәйкес мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен әзірленген абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде келесі техникалық оңалту құралдары мен қызметтер көрсетіледі:

  • протездік-ортопедиялық көмек;
  • тифлотехникалық құралдар;
  • сурдотехникалық құралдар;
  • арнаулы жүріп-тұру құралдары;
  • міндетті гигиеналық құралдар;
  • санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері;
  • жеке көмекші қызметтері;
  • ымдау тілі маманының қызметтері.
  • мүмкіндігі шектеулі жандар үшін оңалту орталығы қызметі;
  • Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау

Соңғы жылдары әлеуметтік-мемлекеттік қызмет алудың жолы жеңілдетілді. Басым көпшілігі электронды форматқа ауысты. Енді мүгедектігі бар адамдар да өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік қызметтер порталында оңалту құралдары мен қызметтерін өз беттерінше таңдай алады. Бұл жаңашылдық қағаз бастылықтан құтылу, уақыт үнемдеу және мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ету үшін жасалуда.