МІНЕЗ

468
Өмірде қызық жәйттер көп.
Біреумен тонның ішкі бауындай араласып кетпесең де сырттай ті­лектес, ниеттес болып жүресің. Оның өмірдегі сәтті қадамдарына сүйсінесің. Қол жеткен табыс­тарына қуанасың. «Әп, бә-ре-кел-ді!» дейсің. «Әттеген-айлары» бол­са, іштей қынжыласың, ренжисің.
Мұны неге жазып отыр де­ме­ңіз, қадірменді оқырман. Күн­де­лікті өмірде етене жақын ара­лас­пасақ та өзін сырттай сыйлайтын жанның бірі – Өтеген Жанысбек Тұрсынәліұлы. Ол Ұялыжар ауы­лында 1951 жылғы 3 тамызда дү­ниеге келген. Сондағы Абай атын­дағы орта мектептің түлегі. Адам­ның қалыптасуына отбасынан бөлек білім алған шаңырақтың да ықпалы ерекше. Ұмытпаса бір сыныпта он жеті оқушы білім алып­ты. Біразы өмірден өтіп кет­кен. Ал, елге белгілі азамат, Сай­рам, Ордабасы аудандық білім бөлімдерін басқарған, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Мырзалиев Әб­ді­ғаппармен бір партада отыр­ға­нын, сабақты жарыса оқы­ған­да­рын қалай ұмытсын. Аталған бі­лім ұясында мықты-мықты ұс­таз­дар еңбек етті.
Әбдіқайым Ыс­қа­қов, Төреш Боранбаев, Жақ­сылық Махамбетов, Уәлихан Алпысбаев, Әбіләзім Шорабеков ағайлар мен Тұйғын апай есімдері әлі күнге дейін оның жадында сақтаулы.
Міне, ауданға, облысқа та­ны­мал осындай ұстаздардан дәріс алғ­ан Жанысбек қолына аттестат алған соң Еңбек Қызыл Ту орденді Қа­зақ ауылшаруашылығы инс­ти­тутына оқуға түсіп, оны ғалым-аг­роном мамандығы бойынша бі­тіріп шықты.
Еңбек жолын «Свинецстрой» бас­қармасында құрылыс­шы­лық­тан бастаған кейіпкеріміз кейіннен өзі туған ауылындағы «Бөржар» кеңшарында комсомол коми­те­ті­нің хатшысы қызметінің тізгінін ұс­та­­ды. Жұмысына құлшына кіріс­кен жалынды жас ауылдағы жас­тар­ға жақсы жетекші бола білді. Қол­ға алған ісін дұрыс ұйым­дас­тыруының арқасында жастар кө­шеде бос жүрмейтін болды. Ауыл­дағы клубта түрлі үйірмелер аш­ты. Сулы да нулы жерді гүл­ден­діру мен көріктендіру жұмыс­та­рында да Жанысбек жетекшілік ететін жастар жүрді. Тек жүрген жоқ, соңдарына ел сүйсінетіндей із қалдырды. Кезінде мектеп бітіруші түлектерді ауылда екі жыл жұмыс істетіп, оларға ша­руа­шы­лық жоғарғы оқу орындарына түсуге жолдама беретін.
Осындай мақсатпен Қазақстанда алғаш рет «Самал» комсомол-жастар брига­дасы ұйымдастырылды. 25000 қой бір жерде бағылып, борда­қы­ланып, үлкен жетістікке жеткені әлі күнге дейін есі­нде. Еселі еңбек ба­ғаланып, Қа­зақ КСР-інің ауыс­па­лы Қызыл туын жеңіп алса, КСРО Ленин комсомо­лы­ның дип­ло­мымен ма­­рапат­тал­ды. Аталған жас­­тар бригадасы ның аты Кеңес­тер Одағына белгілі бол­ғаны шындық. Сол кездегі Қа­зақстан Ком­­­пар­тиясы Орталық ко­ми­те­ті­нің бірінші хатшысы Д.А.Қо­наев мұнда бір­неше рет келіп, жас­тар­мен сұх­бат­тасып, алғысын білдірген бола­тын.
-– Өмірімнің бір елеулі кезеңі ауыл жастарына жетекшілік еткен уақыттарым еді,-дейді Жанысбек сонау бір жігерлі де жалынды кезін сағынышпен еске ала отырып.- Ұйымшыл едік. Сол кездегі сая­сат­қа сәйкес «Бәріміз-біріміз үшін, бі­ріміз-бәріміз үшін» еңбек еттік. Құп­тайтын, дұрыс ұсыныс болса жұ­мыла кірісетінбіз. Менікі, сенікі деп бөле-жару жоқ. Не деген татулық, не деген ұйымшылдық еді. Са­ғынышты жылдар ғой, – дейді Жақаң ойлана түсіп.
Ауыл жастарына төрт жыл жетекшілік еткен Жанысбек мұнан кейін сол шаруашылықта төрт жылдай мамандығы бойынша агроном болып қызмет істеді. Ол кезде шаруашылық мал ша­руа­шылығынан бөлек ақ егіспен де айналысатын. Жоспарлы бидай мен арпа өнімдерін өндіруде қең­шар ауданда үнемі алдыңғы қа­тардан көрінетін. Кейіпкеріміз іс­керлік танытып, игерілмей жатқан 200 гектардай суармалы жер кө­лемін 420 гектарға, қырдағы ақ егіс­ті 4000 гектардан 6000 гек­тарға дейін ұлғайтып, егілген тә­лімі бидайдың гектар түсім­ділігін 20 центнерден өнім жинауға қол жеткізді. Осы игі істе агроном Жанысбектің айтар­­лықтай үлесі болғанын бұл күнде ешкім жоққа шығара алмас.
– Шаруашылықтың жер кө­ле­мі аз емес еді, – дейді Жақаң ой­лана түсіп. Оңтүстік жағы Бадам ауылымен, солтүстігі Шымкент-Темірлан тас жолымен, батысы сонау Қалаш стансасы мен «Қа­распан» кеңшары жерімен шек­тесіп жатқан жерді игеру мен пай­далану да аз шаруа емес болатын. Мал азығын да дайындадық, ақ егістен жоспарды да артығымен орын­дадық. Қазір бұл кей­бі­реулерге күлкілі де болуы мүмкін, бірақ сол кездегі ауыл тіршілігі осындай еді ғой. Өз қызығы да, қиындығы да болып жататын. Бірақ, уақытпен санаспай, күн-түн демей жұмыс істедік. Мақталдық та. Кейде сыналдық та. Бәрі болды. Жасыра алмаймын.
Жанысбек отыз жасында Бөр­жар селолық Кеңесі атқару ко­митетінің төрағасы болып сай­лан­ды. Бұл айтуға оңай болғанымен, сол дәуір үшін үлкен лауазымды қызмет еді. Атқару комитетінің ат­қа­­ратын қызметінің ауқымы кең. Түр­лі салық жинау, ет тапсыру жос­па­­ры дегеніңіз тағы бар. «Ә, Жа­ны­с­­бек, келіп қалыпсың, мә, мына ет­­ті ала кет» деп кім саған малын бе­­­­ре қояды дейсің. Ауыл-ауыл­­­­­­-дар­ды аралап, үкіметтің сая­сатын көпшілікке түсіндіріп, әу­пірімдеп жүріп мемлекетке ет тапсыру жос­парын да орындап жү­ретін. Бұ­лар­дан бөлек отбасылық мә­селелер де шаш етектен қоса қа­бат­та­са­тын кез де аз емес. Жас­тар үй­ле­ніп жатады. Некеге тұрады. Жақаң неке куәлігін тап­сы­рып, оларға сәттілік тілейді.
Ен­ді біреулерге үй салуға жер керек. О-о, ол кезде де тұрғын үй салуға жер бөлу мә­се­ле­сінің де өз қиын­дығы болатын. Қиюын келістіріп, май­дан қыл суыр­­ғандай етіп, жас отау тіккен­дер­дің үй салуға жазған өті­ніш­те­рін қананағаттандыру мақ­са­тында мемлекет қорындағы 7 гек­тарды тұрғындарға бергені оның іскерлік қабілетін танытса керек. Осындай қарбаласпен жүріп Жақаң осы қызметті жеті жыл абыроймен атқарды. Елден ал­ғыс алды. Жерлестерінің көңі­лінен шықты деп нық сеніммен айта аламыз.
Жақаң үш жылдай кеңшар кә­сіп­одақ комитетінің төрағасы қыз­ме­тін де атқарды.
Әрине, абы­рой­мен. Малшыларға мәдени қызмет көрсету, жұмысшылардың дем­алы­­­­сын тиімді ұйымдастыру, кең­шар­­дың мал төлдету, қыстату жұ­мыс­­­­тарын ұйымдастыруға ат­са­лы­су дегендеріңіз айтуға оңай бол­ға­нымен, қиын­шылық­тары да аз емес еді. Осы жұ­мыс­тардың да үде­­­­сінен шыға білді ғой Жа­қаң.
Мұнан соң қызметтегі өсу бас­пал­дағы кеңшар партия комите­ті­нің хатшылығына жетті. Бұл ауыл­да­ғы ең беделді қызмет бо­латын. Ша­­руашылық директо­рымен па­ра-пар келетін лауазым. Пар­тия­­ның сара саясатын кеңшар тұр­ғын­дарына түсіндіру, оны жү­зеге асы­ру, шаруашылыққа жүк­телген тап­­сырмалар мен мін­дет­тердің орын­­далуын іске асыру де­гендей, де­­гендей тірші­ліктер көп еді ғой ол кезеңде.
Жанысбегіңіз кеңшар ди­рек­торының орынбасары қыз­метін де атқарып тастапты. Бес жылдай. Ат­қа­рып тастапты деп жазуы­мыз­дың да себебі болып тұр. Еліміз тәуел­сіздік алғанға дейін ғой. Тәуел­сіздіктен кейін кең­шар де­геніңіз тарады. Бұл ой­ланбастан «Ұялы жар» өндірістік ко­­опе­рати­він құрып, жұмысын жол­ға қойды.
Еңбек етпесе отыра ал­май­­тын, уақыт көшінен қал­май­тын Жанысбек «Шым­кент­жол­құ­ры­лыс» акционерлік қо­ға­мының ком­мерция жөнін­дегі вице президенті болса, 2006 жылдан бері «Береке-Бөржар» ЖШС-нің директоры.
Жоғарыда жазғанымыздай, бір күн де жұмыссыз отыра ал­май­тын Жақаң қоғамдық жұмыст­ар­дың да бел ортасында жүреді. 2015 жылдан бері «Дос-демеу» қоғамдық бірлестігінің төрасағы. 6 жыл облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі болды. Мұнда да өз ойын ашық айтып, халықтың әл-ау­қа­тының артуына айтарлықтай үлес қосқанын біреу білсе, біреу білмес. Қазір Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі.
Бұ­лардан бөлек Шымкенттегі бі­лім саласының, жер және оно­мас­тика ко­миссияларының мү­шесі екен­дігін де қосыңыз. Бір азаматқа көп пе, аз ба, өзіңіз есептей, бағамдай беріңіз.
Мінезі тік. Ойын ашық айтады. Бі­реулерге жақпай қаламын-ау деген ой болмайды онда. Өстіп жү­ріп-ақ Жанысбегіңіз ауданның Құр­метті азаматы атанды. «Ауданға сіңірген еңбегі үшін», «Оңтүстік Қа­зақстанға сіңірген еңбегі үшін», «Түркістан облысына еңбегі сің­гені үшін», «Дінмұхамед Ахметұлы Қо­наев», «В.И.Лениннің туғанына 140 жылдығы», «И.В. Сталиннің ту­ға­­­нына 130 жылдығы», «Ленин ком­­­сомолының 95 жылдығы», «Ең­бек даңқы» төсбелгелерінің, «Қа­зақ­стан мәслихатына 25 жыл» ме­ре­келік медалінің иегері. Мұнан бө­лек Оңтүстік Қазақстан облыстық, кейін­нен Түркістан облыстық, Шым­­­­­кент қалалық мәсли­хат­та­ры­ның, облыстық ардагерлер, кә­сіп­одақ­тар кеңестерінің, «Та­рихи әді­лет­­­тілік», «Халықтық Альянс» қо­ғам­­дық бірлестіктерінің Құр­мет гра­моталарымен марапат­тал­ғаны та­­ғы бар. Ол – Қазақстан педа­гоги­ка­­лық Академиямының профес­со­­ры.
Кей-кейде, әлдебір жиналыс­тар­да онымен кездесіп қаламын. Сол қалпы. Ұзын бойлы, қапсағай де­нелі, жан дүниесі таза азамат кеу­десін шалқақ ұстаған күйі сә­лемдеседі. Шын көңілімен. Ауыл-аймақтың жағдайын сұрас­ты­рады. Жиын біткен соң «Жүр, шай ішейік»,-дейді. Рақметімді айта­мын. «Келесі жолы» дегенді қоса айтып. Жылы қоштасып, кеудесін тік ұстап, нық адымдап ұзай бе­реді Жақаң. Осы бір азаматтың еш­кімге ұқсамайтын мінезіне сырт­тай қызығып қарап тұратын кез­де­рім де болады.
Ол өнегелі отбасы иесі де. Зайы­­бы Сәбирамен 2 ұл, 2 қыз тәр­бие­леп өсірді. Қазір немерелердің қы­­зығын көріп отырған бақытты ша­­ңырақ иесі. Осы орайда не­ме­ре­сі Әділеттің жастар ара­сында ере­­жесіз жекпе-жектен Бол­га­рия­да өтіп жатқан Әлем чем­пио­на­тын­да еліміздің намысын қор­ғап жат­­қанын да айта кетуді жөн көр­дік. Әр перзенттің жетістігі әке-ше­­­ше мен ата-әже үшін қан­ша­лық­­ты қуанышты жәйт екендігі тү­сінікті.
Жазбамыздың басында айт­қа­­нымыздай, етене жақын ара­ла­сып кетпесек те бір-бірімізге сырт­тай тілектес, ниеттес болып жү­ретін Жанысбек Тұрсынәліұлы да 70 дейтін белеске нық қадаммен, алқынбай, ешкімге жалтақтамай жетіпті, Мінезі біреуге ұнайтын, екеуге ұнамайтын Жанысбек за­мандасыма: «Әрқашан осы міне­зің­мен, еңсеңді түсірмей, бойың­ды тік ұстаған қалпыңда қадамың­ды нық басып жүре бер», – деп жаз­бам­ды аяқтағалы отырмын.
Нүридін Шәмшіұлы