Мүгедектігі бар адаммен қарым-қатынаста нені ескеру керек

58

Түркістандық оқырмандарымыздың назарына инклюзивті және әркімге құрметпен қарайтын қоғам қалыптастыруда мүгедектігі бар тұлғалармен қарым-қатынас этикеті маңызды екендігін айтамыз. Ерекше қажеттіліктері бар адамдармен қарым-қатынас құру зейін бөлуді, сезімталдықты және түсіністікпен қарауды талап етеді.

Мүгедектігі бар тұлғалармен қарым-қатынас кезінде этикетті сақтауға көмек беретін бірнеше принцип: Дұрыс терминологияны қолданыңыз: терминдерді қолданудағы артықшылықтар әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан әңгімелесуші қандай терминді ұнататынын сұраған дұрыс. Жалпы алғанда құрмет танытатын және бейтарап лексиканы ұстану маңызды. Қажет болса, көмек көрсетіңіз: егер сіз мүгедектігі бар адамға көмек қажет екенін көрсеңіз, онда көмегіңізді ұсыныңыз. Бірақ көмегіңізден бас тартса, талап етпеңіз. Әркімнің дербестігі мен қадір-қасиетін құрметтеу маңызды.Тікелей байланысыңыз: егер адамның көмекшісі не аудармашысы болса да, мүгедектігі бар адамның тікелей өзімен қарым-қатынас құрыңыз. Қарым-қатынасты адам өзіне құрметпен қарағанын және өзіне көңіл бөлінгенін сезінетіндей етіп құру маңызды.Қарым-қатынас кедергілерін жойыңыз: егер әңгімелесшінің есту қабілеті бұзылған болса баяу және анық сөйлеңіз. Сөйлеу қабілеті бұзылған жағдайда немесе тілдік кедергілер болса визуал қарым-қатынас құралдарын қолданыңыз. Мысалы, жазбалар немесе қимылдар. Ыңғайлы кездесу орындарын таңдаңыз: кездесу орнын таңдаған кезде кедергілер болмауына мән беріңіз. Мүгедектігі бар адамдарға бейімделген ғимаратты таңдаңыз.Сабырлы болыңыз және жаңа нәрсе үйренуге дайын болыңыз.

Таныс емес жағдайларға тап болсаңыз немесе қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керек екенін білмесеңіз, сабырлы болыңыз және үйренуге дайын болыңыз. Әңгімелесушінің қандай қалауы барын сұраңыз, және бейімделуге дайын болыңыз. Мүгедектігі бар тұлғалармен қарым-қатынас этикетін сақтау өзара түсіністікті қалыптастыруға, инклюзивті қоғамды дамытуға және қоғамның барлық мүшесі арасында өзара іс-қимыл сапасын арттыруға ықпал етеді.